9 сағат бұрын
Нора Джеруто Тануи Азия ойындарында күміс медаль алды
Нагоя қаласындағы Мидзухо жеңіл атлетикада стадионында әйелдер арасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жүлде сарапқа салынды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Финалда отандастарымыз Нора Джеруто Тануи мәреге 2-ші болып жетті. Отандасымыздың уақыт көрсеткіші - 9 минут, 6.82 секунд. Осылайша, жеңіл атлетикадан Ұлттық құрама қоржынына кезекті күміс медаль түсті.
Мұнда Бахрейн өкілі Уинфред Яви Азия ойындарының рекордын орнатып, алтын медаль жеңіп алды. Үздік үштікті Парул Чаудхари (Үндістан) түйіндеді.
Біздің серіктес: Sport12kz