6 сағат бұрын
Азиада-2026: Қазақстан құрамасынан 30 қыркүйекте кімдер шығады?
Фото: Қазақстан ҰОК
2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасынан 4 боксшы жартылай финал жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрлықтық бәсекеде ел құрамасынан 1/2 финалда қазақстандық бес боксшы жолдама алған еді. Олардың қатарында Махмуд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (75 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) бар.
Жартылай финалдың алғашқы жарыс күні, 29 қыркүйекте 90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай үндістандық Нарендерді қапы қалдырды. Енді ол финалда 2 қазанда өзбекстандық Жахонгир Зокировпен қолғап түйістіреді.
Жарыстар кестесі
30 қыркүйек
51 келі. Алуа Балқыбекова - Ти Та Нгуен (Вьетнам)
75 келі. Наталья Богданова - Ловлина Боргохайн (Үндістан)
70 келі. Төрехан Сабырхан - Шавкатжон Болтоев (Өзбекстан)
55 келі. Махмұд Сабырхан - Карло Паалам (Филиппин).
Қазірге дейін ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (55 келі), Нұрбек Оралбай (90 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы Инчхонда алтын медаль жеңіп алған. Бұдан кейін Джакартадағы 2018 жылғы және Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар алтын жүлдесіз қалған.
Біздің серіктес: Sport12kz