6 сағат бұрын
Қазақстан медальдар кестесінде қай орында тұр?
Фото: Қазақстан ҰОК
Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте қай орында тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бүгін, 30 қыркүйекте медальдар кестесінде еліміз тоғызыншы орынға жайғасқан. Еншісінде 56 медаль бар, оның 9-ы алтын, 16-ы күміс, 31-і қола.
Жалпы командалық есепте Қытай 273 (150 алтын, 66 күміс, 57 қола) көш басында келе жатса, одан кейінгі орындарда Жапония 196 (48-76-72), Оңтүстік Корея 100 (24-29-47) тұрақтады.
Сондай-ақ алғашқы ондықта Өзбекстан 53 (16-18-19),Таиланд 34 (12-10-12), Бахрейн 21 (11-5-5), Үндістан 60 (10-21-29), Иран 38 (10-16-12), Солтүстік Корея 19 (7-5-7) бар.
Қазірге дейін барлығы 36 мемлекет жүлдеге қол жеткізіп үлгерді.
Қазақстан Азия ойындарына 1994 жылдан бастап қатысып келеді. 1994-2022 жыл аралығында ел спортшылары 8жазғы Азиадада өнер көрсетіп, барлығы 637 медаль (165 алтын, 180 күміс және 292 қола) иеленді.
ХX жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді.
Қазақстандық 558 спортшы жарыс бағдарламасына енгізілген 43 спорт түрінің 35-і бойынша жүлдеге таласып жатыр.
Айта кетсек, дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшылары Елдос Сметов, Әбиба Әбужақынова және Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалға шықты.
Біздің серіктес: Sport12kz