6 сағат бұрын
Қазақстандық боксшылардың Азия ойындары финалындағы қарсыластары анықталды
Фото: olympic.kz
2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасынан финалға шыққан екі боксшының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрлықтық бәсекеде бүгін, 30 қыркүйекте еліміздің атынан төрт боксшы сынға түсті. Олардың арасынан 70 келіде Төрехан Сабырхан өзбекстандық Шавкатжон Болтоевты қапы қалдырды.
Сондай-ақ 29 қыркүйекте 90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай үндістандық Нарендерді 5:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Енді 2 қазанда Төрехан Сабырхан финалда иорданиялық Зейяд Ишаишпен қолғап түйістірсе, сол күні Айбек Оралбай өзбекстандық Жахонгир Зокировпен шеберлік байқасады.
Ал ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (51 келі), наталья Богданова (75 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі) қола жүлдегер атанды.
Қазірге дейін ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (55 келі), Нұрбек Оралбай (90 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы Инчхонда алтын медаль жеңіп алған. Бұдан кейін Джакартадағы 2018 жылғы және Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар алтын жүлдесіз қалған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz