10 сағат бұрын
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді
Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында көркем гимнастикадан топтық көпсайыстың жүлдегерлері анықталды.
Қазақстан атынан Жасмин Жүнісбаева, Аида Хакимжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская өнер көрсетті.
Бес доппен орындалатын жаттығуда қазақстандық гимнастшылар 25,450 ұпай жинады. Ал үш шығыршық және екі ұршықпен орындалатын жаттығуда 26,100 ұпай еншіледі.
Қорытынды нәтиже:
- Қытай – 55,300 ұпай;
- Жапония – 52,500 ұпай;
- Қазақстан – 51,500 ұпай.
Осылайша Қазақстан құрамасы топтық көпсайыста Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды.
Айта кетейік, Аичи–Нагоядағы Азия ойындары 4 қазанда мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: Sport12kz