7 күн бұрын
Азиада-2026 жабылу рәсімі өтетін уақыт белгілі болды
4 қазанда Жапонияның Нагоя қаласындағы «Палома Мидзухо» стадионында XX жазғы Азия ойындарының жабылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жабылу рәсімінің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталады.
Қазақстан құрамасының жабылу салтанатындағы ту ұстаушылары дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінен сынға түскен Сарвиноз Миркадирова болады.
Сондай-ақ шара барысында Азия ойындарын өткізу эстафетасы Дохаға табысталады. Катар астанасы 2030 жылы Азия ойындарын қабылдайды. Доха бұл жарысты 2006 жылдан кейін екінші рет өткізеді.
Азиада-2026 ойындарына 46 елден 10 787 спортшы қатысты. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанда аяқталды. Спортшылар 43 спорт түрінен 71 дисциплина бойынша 469 медаль жиынтығын сарапқа салды.
Біздің серіктес: Sport12kz