7 күн бұрын
Қазақстандық спортшылар Азиада-2026 медальдары үшін қанша сыйақы алады?
Қазақстандық спортшылар Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өткен Азиада-2026 ойындарында жеңіп алған медальдары үшін ақшалай сыйақы алады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған спортшыға 10 мың доллар, күміс жүлдеге 5 мың доллар, ал қола медальға 3 мың доллар көлемінде теңгемен сыйақы қарастырылған.
Қазақстан құрамасы Азиада-2026 ойындарын 84 медальмен аяқтады. Ұлттық құрама қоржынында 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде бар. Қазақстан жалпыкомандалық медальдар кестесінде сегізінші орынға ие болды.
Азиада-2026 ойындары бүгін, 4 қазанда ресми түрде аяқталады. Жабылу салтанаты Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz