9 сағат бұрын
Аичи-Нагояда ХХ жазғы Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті
Жапонияның Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындарының жабылу рәсімі өтті.
Жарыстың қорытынды шарасы Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімде Қазақстанның көк туын көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, 16 жастағы Ақмарал Ерекешева алып шықты.
Аичи-Нагоядағы Азия ойындарына құрлықтың 45 елінен 11 мыңға жуық спортшы қатысып, 469 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.
Бұл Жапонияда өткен үшінші Азия ойындары болды. Бұған дейін құрлық додасы Токиода 1958 жылы, Хиросимада 1994 жылы ұйымдастырылған.
Қазақстан құрамасы Азия ойындарында спорттың 35 түрінен 558 спортшымен сынға түсті. Ұлттық құрама 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 8-орынға орналасты.
Келесі Азия ойындары 2030 жылғы 4-19 қараша аралығында Катар астанасы Дохада өтеді. Бұл Қатарда Азия ойындарының екінші рет ұйымдастырылуы болмақ.
Біздің серіктес: Sport12kz