Матч орталығы
Лига 1 Футбол Лорьян Лорьян 1:0 Аяқталды Париж Париж Лига 1 Футбол Монако Монако 2:2 Аяқталды Тулуза Тулуза Лига 1 Футбол ПСЖ ПСЖ 3:1 Аяқталды Ле Ман Ле Ман Лига 1 Футбол Брест Брест 5:1 Аяқталды Анже Анже А сериясы Футбол Наполи Наполи 3:0 Аяқталды Фрозиноне Фрозиноне Ла Лига Футбол Реал Мадрид Реал Мадрид 1:0 Аяқталды Вильярреал Вильярреал Эредивизи Футбол Аякс Аякс 1:1 Аяқталды НЕК НЕК Примейра-лига Футбол Каза Пия Каза Пия 0:1 Аяқталды Санта-Клара Санта-Клара НХЛ Хоккей Сан Хосе Сан Хосе 1:3 Аяқталды Эдмонтон Эдмонтон НХЛ Хоккей Питтсбург Питтсбург 2:1 Пенальтиден соң Даллас Даллас НХЛ Хоккей Колорадо Колорадо 3:6 Аяқталды Торонто Торонто Ухань женщины Теннис Юлия Путинцева Юлия Путинцева 1:0 2-сет Эшлин Крюгер Эшлин Крюгер Челленджер Цзинань Теннис Илья Ивашка Илья Ивашка 10:10 Бүгін Бейбіт Жұқаев Бейбіт Жұқаев Шанхай мужчины Теннис Александр Бублик Александр Бублик 12:30 Бүгін Брендон Накашима Брендон Накашима Премьер-Лига Футбол Ұлытау Ұлытау 15:00 Бүгін Оқжетпес Оқжетпес А сериясы Футбол Комо Комо 15:30 Бүгін Рома Рома Чемпионшип Футбол Саутгемптон Саутгемптон 16:00 Бүгін Портсмут Портсмут Премьер-Лига Футбол Каспий Каспий 16:00 Бүгін Алтай Алтай Ла Лига Футбол Эльче Эльче 17:00 Бүгін Сельта Сельта А сериясы Футбол Лечче Лечче 18:00 Бүгін Болонья Болонья

4 күн бұрын

Қазақстаннан 150 спортшы Азия Пара ойындарына қатысады

Қазақстаннан 150 спортшы Азия Пара ойындарына қатысады

18-24 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында V Азия Пара ойындары өтеді.

Қазақстан құрамасы жарысқа спорттың 12 түрінен 150 спортшымен қатысады.

Құрама сапында отырып ойнайтын волейболдан – 12, пара таэквондодан – 8, пара дзюдодан – 26, пара үстел теннисінен – 12, пара оқ атудан – 12, пара жеңіл атлетикадан – 14, пара садақ атудан – 9, пара жүзуден – 21, арбадағы теннистен – 3, пара пауэрлифтингтен – 15, боччадан – 5 және пара велоспорттан 13 спортшы өнер көрсетеді.

Қазақстандық спортшылар 1 командалық және 11 жеке спорт түрінен сынға түседі. Бұл жолы ұлттық құрама арбадағы теннистен алғаш рет бақ сынайды. Сонымен қатар пара жеңіл атлетикадан интеллектуалдық даму ерекшеліктері бар спортшылар алғаш рет қатысады. Олар Т20 сыныбында, ал пара үстел теннисінен 11-сыныпта өнер көрсетеді.

«Ойындарға дайындық барысында спортшыларымыз 23 оқу-жаттығу жиынын өткізіп, 22 халықаралық турнирге қатысты. Нәтижесінде 63 медаль жеңіп алды. Алдағы жарыста да спортшыларымыз дайындық деңгейін көрсетіп, жоғары нәтижелерге таласады деп сенеміз», – деді мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық даярлау орталығының спорт басқармасының жетекшісі Қайратбек Сеитбеков.

Қазақстандық пара спортшылардың алғашқы жарыстары 16 қазанда пара үстел теннисінен басталады. Ал Азия Пара ойындарының ресми ашылу рәсімі 18 қазанда Нагоядағы «Мидзухо» стадионында өтеді.

Биылғы бәсекеге 45 елден шамамен 4000 спортшы қатысып, спорттың 18 түрінен 502 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстан Азия Пара ойындарына 2010 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт аралығында отандастарымыз 20 алтын, 35 күміс және 50 қола медаль жеңіп алды.

2010 жылы Қазақстан құрамасы 63 спортшымен 6 спорт түрінен жарысқа қатысып, 2 күміс және 5 қола медаль иеленді.

2014 жылы Инчхонда өткен додада 78 қазақстандық спортшы 9 спорт түрінен сынға түсіп, 7 алтын, 6 күміс және 11 қола еншілеген.

2018 жылы Джакартада өткен Азия Пара ойындарында 90 спортшы 9 спорт түрінен өнер көрсетіп, 5 алтын, 15 күміс және 13 қола медальды ел қоржынына салды

2023 жылы Ханчжоуда өткен IV Азия Пара ойындарында Қазақстан атынан 131 спортшы қатысып, 8 алтын, 12 күміс және 21 қола жүлде иемденген. Бұл – ұлттық құраманың Азия Пара ойындарындағы ең үздік көрсеткіші.



Біздің серіктес: Sport12kz