2 сағат бұрын
Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды
Қазақстанның пара пауэрлифтингтен ерлер құрамасы Жапонияның Айти–Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында командалық жарыста қола медаль иеленді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ұлттық құрама сапында Давид Дегтярев, Ерболат Қарибай және Станислав Шакиев өнер көрсетті. Қазақстандық үштік арнайы коэффициент бойынша 412,09 ұпай жинап, құрлықтық додада үздік үштікке енді.
Бұл сайыста Қытай құрамасы 379,21 ұпаймен жеңіске жетті. Күміс жүлде Ирак спортшыларына бұйырды.
Біздің серіктес: Sport12kz