3 сағат бұрын
Қазақстан Азиадада 50 медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өткен 2026 жылғы Азия Пара ойындарындағы жарыстарын аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық параспортшылар үшін соңғы жарыс парапауэрлифтингтен командалық сайыс болды. Бұл бәсекеде Қазақстан іріктеу кезеңінде бесінші орын алып, жартылай финалға өте алмады.
Азия Пара ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 50 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 12 алтын, 16 күміс және 22 қола жүлде бар.
Айта кетейік, Қазақстан атынан 12 спорт түрінен 150 спортшы бақ сынады. Жапонияда өткен Азия Пара ойындары 16 қазанда басталып, бүгін, 24 қазанда аяқталады.
Біздің серіктес: Sport12kz