28.11.2024

Шымбұлақта шаңғы альпинизмінен Қазақстан чемпионаты өтеді

Шымбұлақта шаңғы альпинизмінен Қазақстан чемпионаты өтеді

30 қараша мен 1 желтоқсан аралығында “Шымбұлақ” тау-шаңғы курортында шаңғы альпинизмінен Қазақстан чемпионаты өтеді.

Бұл спорт түрі ресми танылғаннан кейін алғаш рет турнир ұйымдастырылып отыр.

Жарыстар екі дисциплинада өтеді. 30 қарашада спортшылар “Вертикалды жарыс” форматында жарысады, ал 1 желтоқсанда спринтте бақ сынайды.
“Вертикалды жарыстың” бағыты “Комби 1” жоғары стансасынан басталып, Талғар асуында аяқталады. Сонымен қатар жылдам түсу кезеңі болмайды. Спринттің жолы сол Талғар беткейінде орналасқан.
Жарысқа Шымкент, Өскемен, Петропавл, Ақмола облысы, Қарағанды, Алматы және Алматы облысынан спортшылар қатысады.

Анықтама ретінде: Шаңғы альпинизмі – тау шаңғысында жоғары жылдамдықпен көтерілу мен түсу элементтерін біріктіретін спорт түрі. Қазақстанда бұл жарыстар 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 2021 жылдан бастап шаңғы альпинизмі Олимпиада спорт түрлерінің қатарына енгізілді.

2024 жылы шаңғы альпинизмі (skimountaineering немесе skimo) Қазақстанның спорт түрлерінің тізіміне енгізілді.

Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, 2025 жылдың ақпанында Харбинде өтетін Қысқы Азия ойындарына қатысады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен тең ойнады

Футбол 4 сағат бұрын

Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен тең ойнады

Дінмұхамед Қараман Қазақстан құрамасын Солтүстік Македониямен кездесуде алға шығарды

Футбол 5 сағат бұрын

Дінмұхамед Қараман Қазақстан құрамасын Солтүстік Македониямен кездесуде алға шығарды

Солтүстік Македония - Қазақстан бірінші кезеңнен тең ойнап жатыр

Футбол 5 сағат бұрын

Солтүстік Македония - Қазақстан бірінші кезеңнен тең ойнап жатыр

Кабо-Верде футболдан әлем чемпионаты финалдық кезеңіне шықты

Футбол 6 сағат бұрын

Кабо-Верде футболдан әлем чемпионаты финалдық кезеңіне шықты

Рахметжан Хамаев пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында қола алды

Футбол 6 сағат бұрын

Рахметжан Хамаев пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында қола алды

Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

Бокс 7 сағат бұрын

Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді