11.01.2025

Қазақстан жасөспірімдер әлем чемпионатында айтулы нәтижеге қол жеткізді

Қазақстан жасөспірімдер әлем чемпионатында айтулы нәтижеге қол жеткізді

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

 Бүгін Алматы қаласындағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында фристайлдан (могул, акробатика) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, фристайл-могулдан Ұлттық құрама барлық жарыс күні жүлдеге қол жеткізді. Алғашқы сында Анастасия Городко жекелей сайыста 2-орын алған. Ертесіне отандасымыз параллель могулда алтыннан алқа тақты. Ал аралас командалық сайыста былтыр IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысқан Юлия Фиклистова мен Денис Раструба жұбы күміс жүлдегер атанды.

Фристайл-акробатикадан жекелей сын еліміз үшін тарихи нәтижемен есте қалды. Ерлер арасында Дінмұхаммед Райымқұл күрделі бағдарламаны сәтті орындап, чемпион атанды. Ол 104.52 ұпаймен екі қытайлық спортшыны (Юч Юнхен, Ян Чжичэн) басып озды. Мұндп әйелдер арасында барлық жүлдені Қытай акробаттары иеленді.

Бүгін, шешуші жарыс күні командалық сайыста Қазақстан-2 командасы (Аделина Өмірзақова, Роман Погосян, Ұланбәкір Өмірзақов) 6-орын алса, Қазақстан-1 (Дінмұхаммед Райымқұл, Ардана Маханова, Асылхан Асан) 7-сатыға табан тіреді. Командалық сайыстың жүлдегерлерін марапаттауға Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин қатысты.

Жалпы есепте могул мен акробатикадан Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс жүлде иеленіп, Қытайдан (2 алтын, 3 күміс, 2 қола) кейін 2-орын алды. Үздік үштікті Жапония (2 алтын, 1 қола) түйіндеді.

Анталиядағы турнирдің финалында қазақстандық дерби өтеді

Теннис 4 сағат бұрын

Анталиядағы турнирдің финалында қазақстандық дерби өтеді

Қазақстан жастар құрамасы жолдастық кездесуде Қырғызстанды жеңді

Футзал 5 сағат бұрын

Қазақстан жастар құрамасы жолдастық кездесуде Қырғызстанды жеңді

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы тағайындалды

Басқа 5 сағат бұрын

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы тағайындалды

Тони Фергюсон UFC-мен келісімшартын бұзды

ММА/UFC 5 сағат бұрын

Тони Фергюсон UFC-мен келісімшартын бұзды

Нұрқанат Райыс кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді

Бокс 7 сағат бұрын

Нұрқанат Райыс кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді

Самородов қазақстандық клубқа қарсы ойнайды

Футбол 7 сағат бұрын

Самородов қазақстандық клубқа қарсы ойнайды