31.01.2025
2028 жылы жасөспірімдер арасындағы Қысқы Олимпиада Италияда өткізіледі
Фото: olympic.kz
2028 жылғы жасөспірімдер арасындағы Қысқы Олимпиада ойындары Италияда өткізіледі.
Бұл шешім Халықаралық Олимпиада комитетінің 143-сессиясында қабылданды.
Дүбірлі дода 2012 жылдан бері тұрақты түрде қолға алынып отыр.
Алғаш Австрияның Инсбрук қаласында жалауын көтерсе, 2016 жылы Лиллехаммер (Норвегия), 2022 жылы Лозанна (Швейцария) 2024 жылы Канвондо (Оңтүстік Корея) қалаларында болды.
Аталған дүбірлі доданы 2028 жылдың 15-29 қаңтар аралығында Италияның Доломиттер Вальтеллина өңірінде өткізу жоспарланып отыр.
Айта кетсек, 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында болады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан