09.02.2025
Қазақстандық спортшылар ски-альпинизмнен қандай нәтиже көрсетті?

Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҰОК баспасөз қызметі
Бүгін, IX Қысқы Азия ойындарында ел намысын ски-альпинзимнен 5 қазақстандық спортшы қорғады.
Әсем Назырова, Денис Власов және Нияз Жанзақов жартылай финалға шықты, бірақ шешуші кезеңге өте алмады.
Әйелдер, спринт:
- Әсем Назырова - 8-орын
Ерлер, спринт:
- Нияз Жанзақов - 9-орын
- Денис Власов - 10-орын
- Шыңғыс Байқашев - 19-орын
- Тимур Артюхин - 21-орын
Айта кетейік, ски-альпинизм жарыстары Азия ойындары бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Сонымен қатар бұл спорт түрі 2026 жылғы Олимпиада бағдарламасының қатарына қосылды.
