14.02.2025

2025 жылғы Қысқы Азия ойындары өз мәресіне жетті

2025 жылғы Қысқы Азия ойындары өз мәресіне жетті

Фото: olympic.kz

14 ақпанда Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындары өз мәресіне жетті. 

Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комиеті мәлім етті.

Қазақстан құрамасы бұл құрлықтық мультиспорттық жарыста 20 медальға қол жеткізді.
Біздің спортшылар төрт алтын медаль жеңіп алды. Чемпион атанғандардың қатарында биатлоншы Владислав Киреев, сондай-ақ ерлер арасындағы хоккей, шорт-трек және фристайл-акробатика командалары бар.

Айта кетейік, фристайлшылар Азия ойындарының тарихында тұңғыш рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Алтын жүлде үшін тартыста олар Қытайдың әлемдік деңгейдегі спортшыларын басып озды.

Шорт-трекшілер де тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұған дейін Қазақстан бұл спорт түрінен ешқашан Азия ойындарының алтынын алмаған. Ал ерлер хоккей құрамасы бұл жарыста бесінші рет чемпион атанып отыр.

Харбинде күміс жүлдені Евгений Кошкин (конькимен жүгіру спорты), шорт-тректен әйелдер және аралас командалар, хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы, шаңғышы Константин Борцов, шаңғы жарысынан әйелдер құрамасы, биатлоншы Вадим Куралес, биатлоннан ерлер құрамасы және аралас командалар арасындағы фристайлшылар иеленді.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарын жеті қола жүлдемен аяқтады. Олардың иегерлері: шаңғышы Олжас Климин, конькимен жүгіру спортынан командалық спринтте, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров, шаңғы жарысы бойынша ерлер құрамасы, фристайл-акробатикадан Аяна Жолдас, синхронды секіруден әйелдер командасы және биатлон эстафетасындағы әйелдер құрамасы.


Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Хоккей 6 сағат бұрын

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Футбол 6 сағат бұрын

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Футбол 7 сағат бұрын

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Футбол 7 сағат бұрын

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Футбол 8 сағат бұрын

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты

Бокс 8 сағат бұрын

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты