14.02.2025

Қысқы Азия ойындары алғаш рет Сауд Арабиясында өтеді

Қысқы Азия ойындары алғаш рет Сауд Арабиясында өтеді

Фото: Фото: Нұрғали Жұмағазы

Қысқы Азия ойындары 2029 жылы алғаш рет Сауд Арбаиясында өтетін болды. Бұл шешім бүгін Қытайдың Харбин қаласында өткен Қысқы Азия ойындарының жабылу салтанатында көпшілікке таныстырылды.

Салтанатты шара барысында Харбин қаласының мэрі Ван Хэшэн мен Азия Олимпиада кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Фок Жэнтин туды Сауд Арабиясының Ұлттық спорт комитеті төрағасына және Ұлттық спорт комитетінің төрағасы Ханзада Фейсалға табыс етті.

Алдағы айтулы шара 2029 жылдың жазғы мезгілінде Неом қаласындағы Трохена тау шаңғысы курортында жалауын көтереді. Осылайша алғаш рет Қысқы Азия ойындары араб тілді мемлекет аумағында өтетін болды.

Айта кетсек, дүбірлі дода 1986 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін Жапонияда төрт, Қытайда үш, Оңтүстік Корея мен Қазақстанда бір-бір мәрте жалауын көтерген еді. 

Жалпы командалық есепте ел құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қола медальмен төртінші орынға табан тіреді.

Қорытынды кестеде көш бастаған құрама — Қытай. Жарыс иелері байрақты бәсекені алдына жан салмай, 32 алтын, 27 күміс және 26 қол жүлдемен аяқтады.


Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Хоккей 7 сағат бұрын

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Футбол 7 сағат бұрын

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Футбол 8 сағат бұрын

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Футбол 8 сағат бұрын

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Футбол 9 сағат бұрын

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты

Бокс 9 сағат бұрын

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты