24.02.2025
Серік Теміржановтың алдағы қарсыласы анықталды
Фото: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Серік Теміржановтың Болгарияның София қаласында өтіп жатқан «Странджа» кубогындағы алдағы қарсыласы анықталды.
Қазақстандық боксшы 60 келі салмақта ирландиялық Рис Оуэнспен қолғап түйістіреді. Ол жарыстың өткен сатысында 2022 жылы Еуропа чемпионы атанған грузиялық Артюш Гомцянды жеңіп кетті.
Алдағы жекпе-жек 27 ақпанға белгіленген.
Айта кетсек, жарыстың бірінші сатысында өзбекстандық Абдумалик Халоков шеберлік байқасуы тиіс болатын. Алайда қарсыласы жекпе-жекке шығудан бас тартты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан