18.09.2025
Альмир Төлебаев әлем чемпионатын айқын жеңіспен бастады
ДРС
Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінің шеберлері бозкілемге шықты, деп хабарлайды Sport12.kz
Ұлттық құрама спортшысы Альмир Төлебаев (-82 кг) іріктеуде Үндістан өкілі Рахулды айқын басымдықпен ұтты. Есеп: 7-1.
Отандасымыз белдесу бойы қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Төлебаевтың келесі қарсыласы - Молдова спортшысы.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 21 қыркүйекте мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: Sport12kz
Қанат Байұзақов