4 сағат бұрын
Семейде қазақ күресінен жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді
Фото: Қазақстан қазақ күресі федерациясы
Семей қаласында 21-25 сәуір аралығында қазақ күресінен жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде ұйымдастырылатын дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірлерінен келген 500-ден астам жас балуан бозкілемде белдесіп, ел чемпиондарын анықтайды.
Ұлдар – 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі, түйе балуан
Қыздар – 48, 52, 56, 60, 65, 70, 77, +77 келі
Бұл жарыс жас балуандар үшін үлкен мүмкіндік. Осындай додада болашақ ұлттық құраманың үміткерлері іріктеліп, жаңа есімдер танылады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан