18.04.2026
Айтмұхан чемпиондық белбеу үшін айқасады
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан америкалық Олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен реванш алдындағы дәстүрлі көз арбасу рәсіміне қатысты.
Екі балуан RAF 08 турнирі аясында АҚШ-тың Филадельфия қаласында өтетін жекпе-жек алдында бетпе-бет келіп, камера алдында позаға түсті. Кездесу Қазақстан уақытымен 19 сәуір күні таңертең өтеді.
Алдағы белдесу Снайдердің чемпиондық белбеуін қорғауымен ерекшеленеді. Ал Айтмұхан үшін бұл — бір жыл бұрын Алматыда өткен кездесудегі жеңіліс үшін қарымта қайтаруға мүмкіндік. Ол кезде америкалық балуан 8:0 есебімен басым түскен еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан