19.04.2026
Айтмұхан Снайдерге есе жіберді
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен RAF 08 турнирінде америкалық Кайл Снайдерге қарсы белдесіп, жеңіліс тапты.
Тартысты өткен кездесуде Айтмұхан бастапқыда 6:0 есебімен алға шыққанымен, қарсыласы камбэк жасап, нәтижесінде 12:6 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Снайдер жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық титулын сәтті қорғап қалды.
Айта кетейік, Кайл Снайдер — 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, сондай-ақ төрт дүркін әлем чемпионы. Ал Ризабек Айтмұхан — 2023 жылғы әлем чемпионы және Азия чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан