2 күн бұрын
Қазақстан 2026 жылы күрестен әлем чемпионатын қабылдауы мүмкін
2026 жылғы күрес бойынша әлем чемпионаты Бахрейнде өтпейтін болды, деп хабарлайды Sport12.kz
Манама қаласы 5–13 қыркүйек аралығында жоспарланған турнирді өткізуден бас тартты. Бұл туралы Ресейдің спорттық күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили мәлімдеді.
«Бахрейн чемпионатты өткізе алмайды. Жаңа өтетін орын жақын арада анықталады. Менің білуімше, қазір чемпионатты қабылдауға дайын бес-алты ел бар. Көптеген мемлекеттердің қызығушылық танытуы турнир деңгейінің жоғары екенін көрсетеді», – деп Мамиашвилидің сөзін ТАСС келтіреді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта жарысты өткізу үшін жаңа алаңды жедел түрде іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлем чемпионатын қабылдауға бірнеше мемлекет үміткер. Олардың қатарында Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан бар. Сонымен қатар, Еуропа елдері де қызығушылық танытып отыр. Алайда басымдық Азияға берілуі мүмкін.
Сыбыстарға сенсек, жаһандық дода Алматы қаласында өтуі тиіс.
Қазақ балуандары Түркиядағы турнирде бірнеше жүлде жеңіп алды
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов