14 сағат бұрын
Ризабек Айтмұхан Қазақстан чемпионатында қарсылас шақ келтірмеді
Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Алматыда ересектер арасындағы еркін күрестен Қазақстан Кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесуде Ризабек Айтмұхан Шығыс Қазақстан облысының өкілі Нұрдәулет Бекеновпен кездесіп, қарсыласын 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіп, Қазақстан Кубогының иегері атанды.
Финалға дейін елордалық балуан барлық қарсыластарын сенімді түрде жеңіп өтті. 1/8 финалда Айтмұхан Жетісу облысының өкілі Ақежан Айтбековты 11:0 есебімен ұтты. Ширек финалда қазақстандық балуан Қостанай облысынан келген Муслим Жақұповты да 11:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Жартылай финалда Ризабек Айтмұхан Түркістан облысының өкілі Иманғали Қалдыбекпен кездесті. Елорда спортшысы кездесуді жоғары қарқында өткізіп, оны 10:0 есебімен мерзімінен бұрын аяқтады.
Еске салайық, 2023 жылғы 18 қыркүйекте Ризабек Айтмұхан еркін күрестен әлем чемпионатында Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медальді жеңіп алған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов