Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

Еркін күрестен Қазақстан чемпионатында кімдер жеңіске жетті?

Еркін күрестен Қазақстан чемпионатында кімдер жеңіске жетті?

Алматыда еркін күрестен Қазақстан Кубогы аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды шымкенттік Начын Куулар жеңіп алды. Күміс жүлде Қарағанды облысынан келген Әділ Оспановқа бұйырды. Қола жүлдегерлер — Алматы облысынан Адлан Аскаров пен Осимжан Дастанбек.

70 келі салмақта Алматы қаласының спортшысы Санжар Досжанов жеңімпаз атанды. Екінші орын да Алматы өкілі Бақдәулет Әкімжанға тиесілі болды. Үшінші орынды Родион Анчугин (Алматы) мен Абай облысынан Олжас Олжаханов бөлісті.

86 келі салмақта жеңіс шығыс қазақстандық Азамат Дәулетбековке бұйырды. Күміс жүлдені Қарағанды облысынан Асхаб Хаджиев жеңіп алды. Қола жүлделер Атырау облысынан Болат Сақаев пен Жетісу облысынан Абылайхан Үзембаевқа берілді.

92 келіде Алматы облысынан Омар Жұмаш чемпион атанды. Екінші орын Атырау облысынан Бекзат Аманғалиға бұйырды. Үшінші орынды Ақтөбе облысынан Бекзатхан Тілеулесов пен Маңғыстау облысынан Камиль Куруглиев иеленді.

125 келі салмақта Алматы облысының өкілі Едіге Қасымбек жеңімпаз болды. Күміс жүлде Астана қаласынан Әділ Аубакировқа бұйырды. Қола жүлдегерлер — Ақмола облысынан Нұрсұлтан Азов пен Түркістан облысынан Есбол Төлеуов.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан