Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Астана 2026 жылғы әлем чемпионатын екінші рет қабылдайды

Астана 2026 жылғы әлем чемпионатын екінші рет қабылдайды

Астана қаласы 2026 жылы ересектер арасындағы күрестен әлем чемпионатын екінші рет қабылдайтын болды.

Дүбірлі дода 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді. Турнир «Барыс Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылады.

Бұл шешім Халықаралық күрес федерациясы (UWW) бюросының жұма күнгі отырысында қабылданды. Ұйым қазіргі геосаяси ахуалды, соның ішінде халықаралық тасымал мен жол жүруге қатысты белгісіздіктерді ескере отырып, әлем чемпионатын өткізу орнын өзгертуге шешім шығарған.

Бастапқыда әлемдік біріншілік Бахрейн астанасы Манамада өтуі тиіс болған. Алайда UWW мен Бахрейн тарапы жарыстың басқа елге ауыстырылғанын ресми түрде мәлімдеді.

Қазақстан күрес федерациясының дайындық деңгейі мен спорт нысандары жоғары бағаланып, еліміз ресми түрде турнир қожайыны атанды.

Айта кетейік, Астана бұған дейін де ересектер арасындағы күрестен әлем чемпионатын қабылдаған еді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан