2 күн бұрын
Айбек Айтбеков U23 Азия чемпионатының финалына шықты
Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Айбек Айтбеков Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда қазақстандық балуан Түрікменстан өкілі Зафар Уматовты 10:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Белдесу мерзімінен бұрын аяқталды.
Енді Айбек құрлық біріншілігінің финалында Үндістан балуаны Суражбен алтын медаль үшін белдеседі.
Айта кетейік, U23 Азия чемпионаты Дананг қаласында 23 мамыр мен 1 маусым аралығында өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан