Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Қазақ балуандары Азия чемпионатында алты медаль иеленді

Қазақ балуандары Азия чемпионатында алты медаль иеленді

Kazakhstan құрамасы Вьетнамда басталған жастар арасындағы күрестен Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде алты медаль жеңіп алды.

Грек-рим күресінен сынға түскен қазақстандық балуандар қоржынға екі алтын, үш күміс және бір қола медаль салды.

Чемпион атанғандар қатарында 60 келіге дейінгі салмақта белдескен Айбек Айтбеков пен 97 келіге дейінгі салмақта топ жарған Ислам Евлоев бар.

Күміс жүлдені 72 келіде Ибрахим Нурмұхаммед, 77 келіде Алихан Дурсунов және 130 келіде Джохар Узаров иеленді.

Ал 82 келі салмақ дәрежесінде Кирилл Минько қола медаль жеңіп алып, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

Айта кетейік, бұған дейін Ризабек Айтмұханның Вьетнамдағы Азия чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтыны хабарланған еді. Құрлық додасы 1 маусымға дейін жалғасады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан