23 сағат бұрын
Қазақстандық балуан Азия чемпионатында алтынға таласады
Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы грек-рим күресінен Азия чемпионатында қазақстандық балуан Ерасыл Жеңіс финалға жолдама алды.
87 келіге дейінгі салмақта белдескен қазақстандық спортшы шешуші кезеңге дейін төрт қарсыласын қатарынан жеңіп, сенімді өнер көрсетті.
Алтын медаль үшін өтетін финалдық белдесуде Ерасыл Жеңіс өзбекстандық Рахимжон Узоковпен күш сынасады.
Айта кетейік, Ерасыл Жеңіс бұған дейін жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен Азия чемпионы атанған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан