2 сағат бұрын
23 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жерлестеріміз қалай өнер көрсетті?
Вьетнамның Дананг қаласында 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы еркін күрестен Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақстан құрамасы жарыс барысында 4 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
Чемпион атанған спортшылар:
Нұрданат Айтанов (-61 келі)
Майс Алиев (-70 келі)
Нұрдәулет Сейілбеков (-74 келі)
Ризабек Айтмұхан (125 келі)
Күміс жүлдегерлер:
Еламан Амангелді (-57 келі)
Ерхан Әбіл (-79 келі)
Абылайхан Үзембаев (-86 келі)
Қола жүлдегер:
Шаттық Алайдар (-65 келі)
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан еркін күрестен жалпыкомандалық есепте 2-орын иеленді.
1-орын — Үндістан
2-орын — Қазақстан
3-орын — Қырғыз Республикасы
Айта кетейік, бұған дейін грек-рим және әйелдер күресінен де Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-орын алған болатын. Грек-рим күресінде қазақстандық спортшылар 2 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алса, әйелдер құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлдеге қол жеткізді.
Биылғы Азия чемпионатына 20-ға жуық елден спортшылар қатысты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов