52 минут бұрын
Қазақстанның грек-рим балуандары Азия чемпионатында 2 алтын медаль алды
Дананг қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия күрес чемпионаты жалғасуда (28–31 мамыр, Вьетнам), деп хабарлайды Sport12.kz.
Бүгін грек-рим күресі бойынша жарыстар аяқталды. Жалпы медаль есебінде:
- Иран: 6 алтын, 1 күміс, 1 қола.
- Қазақстан: 2 алтын, 1 күміс, 2 қола.
- Өзбекстан: 1 алтын, 3 күміс, 4 қола.
- Қырғызстан: 1 алтын, 3 күміс, 4 қола.
Қазақстан сапынан алтын жүлдені Мирас Махамбет (65 келі) мен Қуанышбек Жаңажол (51 келі) жеңіп алды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов