Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Күрес түрлерінен рейтингтік турнирде ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды

Күрес түрлерінен рейтингтік турнирде ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды

Фото:ҰОК

Күрес түрлерінен 4-7 маусым аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында United World Wrestling рейтингтік турнир өтеді.

Дүбірлі додада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды.

Еркін күрестен Азамат Дәулетбеков, Едіге Қасымбек, Абзал Өкенов, Мейрамбек Қартбай, Болат Сақаев сынды балуандар боз кілемге шығады.

Ал грек-рим күресінен Досжан Өтепқалиев, Еркебұлан Ардақов, Нұрасыл Аманәлі, Әлішер Ерғали және Олжас Сырлыбайлар күш сынасады.

Әйелдер күресінде Қазақстан құрамасынан Жәмила Бақбергенова, Эльмира Сыздықова, Ирина Казюлина, Зейнеп Баянова, Марал Танірбергенова, Лаура Алмағанбетова және Нилуфар Раимовадар айтулы бәсекеге аттанады.

Бұл додаға әлемнің үздік балуандары бақ сынайды. Айтулы бәсекеде әр спортшының рейтингтегі позияцияларын жақсарту үшін таптырмас мүмкіндік екені анық.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан