03.06.2026
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының алдағы жоспары қандай?
Фото: Қазақстан күрес федерациясы
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Данияр Қайсанов алдағы жоспары жөнінде мәлім етті, деп хабарлайды Sport12.kz.
- Моңғолияда рейтингтік турнир өтеді. Осы жарыстан кейін елге оралып, Шымкентте бірлескен оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырамыз. Жиынға Мысыр мен Беларусь құрамаларының көшбасшы балуандары қатысады. Одан кейін Әзірбайжанда Түркия, Беларусь және жергілікті спортшылармен бірге тағы бір бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтеді. Сол жақта маусымдағы төртінші әрі соңғы рейтингтік турнир ұйымдастырылады. Қазіргі жоспар бойынша, бұл жарыста ұлттық құраманың бірінші нөмірлі балуандары белдеседі, - деді ол.
Еске салсақ, қаңтар айында еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне Данияр Қайсанов тағайындалды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан