Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Алыптар айқасы: Кайл Снайдер мен Абдулрашид Садулаев Тбилисиде белдесу өткізеді

Алыптар айқасы: Кайл Снайдер мен Абдулрашид Садулаев Тбилисиде белдесу өткізеді

Фото:UWW

Еркін күрестен Олимпиада чемпионы Кайл Снайдер мен екі дүркін Олимпиада чемпионы ресейлік балуан Абдулрашид Садулаев Тбилисиде белдесу өткізеді.

Бұл Абдулрашид Садулаевтың RAF ұйымындағы алғашқы бәсекесі болмақ.

Қос балуан бұған дейін төрт рет белдескен. 2017 жылы әлем чемпионатында шешуші сынында Кайл Снайдер басым түскен. Ал 2018, 2021 жылдардағы әлем чемпионатында және 2020 жылғы Токио Олимпиадасында Садулаев айласын асырған.

Екі балуан арасындағы тартысты белдесу 11 шілде күні Тбилиси өтеді.

Айта кетейік, Абдулрашид Садулаев 2 дүркін Олимпиада, 6 рет әлем чемпионатында топ жарған. Ал Каил Снайдер Рио Олимпиадасының чемпионы, 4 рет әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан