Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

05.06.2026

Пәкістанда қазақ күресі насихатталды

Пәкістанда қазақ күресі насихатталды

Фото: Қазақстан қазақ күресі федерациясы

Қазақ күресін халықаралық деңгейде кеңінен насихаттау мақсатында Пәкістанның Қазақ күресі федерациясы Пенджаб провинциясының Гуджранвала қаласында салтанатты ашылу рәсімі мен көрсетілім белдесулерін ұйымдастырды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде федерацияның баспасөз қызметі мәлім етті.

Іс-шара аясында спортшылар қазақ күресінің негізгі әдіс-тәсілдерін таныстырып, көрермендерге ұлттық спорттың ерекшеліктерін көрсетті. Ашылу белдесулеріне Пенджаб провинциясының әртүрлі өңірлерінен келген 12 команда қатысты.

Ауқымды спорттық шараның жоғары деңгейде өтуіне Пәкістан армиясы мен Пәкістанның Қазақ күресі федерациясы қолдау көрсетті. Бұл өз кезегінде қазақ күресіне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын және ұлттық спорттың халықаралық аренадағы танымалдығының кеңейіп жатқанын аңғартады.

Шараны ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын Пәкістанның Қазақ күресі федерациясының Бас хатшысы, майор Навид Афзал үйлестірді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Моңғолиядағы рейтингтік турнирде Қазақстан құрамасы үш қола алды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан