08.06.2026
Қазақстан спортшылары Моңғолияда 12 жүлде иеленді
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен күрес түрлерінен рейтингілік халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 12 медаль иеленді.
Еркін күрес бойынша қазақстандық балуандар 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Күміс жүлдегерлер қатарында Асыл Айтақын (61 кг), Азамат Дәулетбеков (92 кг) және Едіге Қасымбек (125 кг) бар.
Грек-рим күресінде Нұрасыл Аманалы күміс медаль иеленсе, Еркебұлан Ардақов пен Олжас Сырлыбай қола жүлдеге қол жеткізді.
Әйелдер күресінде Нилуфар Раимова мен Эльмира Сыздықова қола медаль жеңіп алды.
Жалпы алғанда, Қазақстан құрамасы жарысты 12 жүлдемен аяқтады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан