Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

09.06.2026

Танымал балуан Алмат Кебіспаев лауазымды қызметке тағайындалды

Танымал балуан Алмат Кебіспаев лауазымды қызметке тағайындалды

Фото:ҰОК

Отандық грек-рим күресінің шебері Алмат Кебіспаев Қарағанды облыстық күрес федерациясы басшылық құрамына қосылды. Ол федерацияның вице-президенті қызметіне тағайындалды.

Жаңа міндет аясында ол өңірдегі күрес спортының дамуына қолдау көрсетіп, жас балуандарды тәрбиелеу және спорттық жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына қатыспақ.

Алмат Кебіспаев ұлттық құраманың сапында ұзақ жылдар бойы табысты өнер көрсеткен спортшылардың бірі. Ол әлем чемпионаттарында 1 күміс, 4 қола жүлде жеңіп алған. Бұған қоса екі дүркін Азия чемпионы.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан