5 сағат бұрын
Легионер Начын Кууларға шымкенттіктер 1 миллион теңге сыйақы берді
Шымкент қалалық күрес федерациясы Вьетнамда өткен Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен спортшыларды марапаттады.
Марапаттау рәсімінде еркін күрестен Азия чемпионатының күміс жүлдегері Мардан Орынбасарға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы табысталды.
Сондай-ақ Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанған легионер Начын Куулар да 1 миллион теңгеге ие болды.
Бұдан бөлек, грек-рим күресінен Қазақстан кубогінің күміс жүлдегерлері Әлімхан Сыздықов пен Омар Сатаевқа 500 мың теңгеден берілді.
Ал еркін күрестен ел кубогінің қола жүлдегерлері Шамсат Таир, Дархан Есенғали, Ерасыл Мұсан, сондай-ақ әйелдер күресінен Қазақстан кубогінің қола жүлдегерлері Бейбіт Сейдуали мен Гүлім Серікке 300 мың теңгеден сыйақы алды.
Айта кетейік, спортшылармен қатар олардың жеке жаттықтырушыларына да қаржылай сыйақы табыстап, құрмет көрсетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан