Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

10.06.2026

Ризабек Айтмұқан АҚШ-та тәжірибелі балуанға қарсы белдесу өткізеді

Ризабек Айтмұқан АҚШ-та тәжірибелі балуанға қарсы белдесу өткізеді

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан АҚШ-та өтетін Real American Freestyle (RAF) лигасының турнирінде өзінің екінші белдесуін өткізеді.

Бұл жолы оның қарсыласы — тәжірибелі америкалық балуан Хэйден Зиллмер.

RAF — еркін күреске жаңа серпін берген кәсіби лига. Real American Freestyle жобасы дәстүрлі күрес белдесулерін ауқымды спорттық шоу форматына айналдырып, әлемдік деңгейдегі балуандарды, Олимпиада чемпиондарын және UFC жұлдыздарын бір алаңға жинайды.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан RAF лигасындағы алғашқы күресінАҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен RAF 08 турнирінде өткізген. Ол жерде қазақстандық балуан Олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен чемпиондық белбеу үшін күресіп, жеңіліс тапқан еді.

Енді Ризабек АҚШ-тағы кәсіби лигадағы екінші белдесуінде Хэйден Зиллмерге қарсы белдеседі.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан