Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

13.06.2026

Ризабек Айтмұқан RAF 10 алдында мәлімдеме жасады

Ризабек Айтмұқан RAF 10 алдында мәлімдеме жасады

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұқан АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтетін RAF 10 турнирі қарсаңындағы баспасөз мәслихатына қатысып, алдағы белдесуі туралы пікір білдірді.

Әлем чемпионының айтуынша, RAF турниріндегі қарсыластардың деңгейі Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарындағы балуандардан кем емес.

«RAF турнирі, әлем чемпионаты мен Олимпиада арасындағы айырмашылықты көп байқамаймын. Себебі мұндағы қарсыластардың барлығы дерлік Олимпиада деңгейіндегі және әлем чемпионы атанған спортшылар. Айырмашылығы – RAF-та бір ғана белдесу өткізесің, ал Олимпиадада бірнеше кездесу болады», – деді Айтмұқан.

Қазақстандық балуан бүгін америкалық кәсіби Real American Freestyle лигасындағы екінші кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін АҚШ өкілі Хейден Зилмер болады.

Айта кетейік, спортшылар ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, көз арбастыру сәтін де өткізді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан