25.01.2023

ТҮРКІСТАН: ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ.

ТҮРКІСТАН: ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ.

Түлкібас ауданында еркін күрестен жөсөспірімдер мен жеткіншектер арасында облыс чемпионаты басталды. Тартысты өтіп жатқан бұл чемпионатқа 32 командадан құралған 500-ден астам балуан қатысып, өзара жеңімпаздарды анықтайды.

Жарыстың ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев пен Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт және Түркістан облысының күрес түрлері федерациясының президенті Бауыржан Мұсабеков арнайы қатысты. Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын болашақ саңлақтарға сәттілік тілеген азаматтар балуандарға алдағы өтетін ел чемпионатында табысқа жететіндеріне сенім білдірді. 

– Наурыз айының 2-8 жұлдызы аралығында Талдықорған қаласында 15 жасқа дейінгі балуандар арасында ел чемпионаты өтеді. Сонымен қатар сәуір айында Семей қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының жалауы желбірейді. Мақсатымыз – боз кілем төріндегі балуандар белдесуінің үздіктері мен тартысты күрес додасының мықтыларын анықтау, – деді Түркістан облысының жасөспірімдер арасындағы аға бапкері Абылайхан Рыспаев.

Түркістан облысының барлық аудан, қалаларынан сайдың тасындай іріктеліп қатысып жатқан чемпионат 27-қаңтар күні аяқталады. Жеңімпаз балуандар диплом, медаль, кубоктармен және облыстық күрес түрлері федерациясы тарапынан қаржылай марапатталатын болады.

Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан екінші мәрте жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды

Футбол 9 сағат бұрын

Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан екінші мәрте жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды

ҚПЛ: «Астана» сырт алаңда  «Ақтөбені» жеңді

Футбол 9 сағат бұрын

ҚПЛ: «Астана» сырт алаңда «Ақтөбені» жеңді

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Ювентус» екінші мәрте ірі жеңіске жетті

Футбол 10 сағат бұрын

Клубтар арасындағы ӘЧ: «Ювентус» екінші мәрте ірі жеңіске жетті

Зарина Дияс Испаниядағы турнирде чемпион атанды

Теннис 16 сағат бұрын

Зарина Дияс Испаниядағы турнирде чемпион атанды

Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды

Басқа 16 сағат бұрын

Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды

Алдағы жылдары Қазақстанда қандай әлемдік спорттық шаралары өтеді

Басқа 17 сағат бұрын

Алдағы жылдары Қазақстанда қандай әлемдік спорттық шаралары өтеді