Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында топ жарды

Таиландта күрес түрлерінен 15 жасқа дейінгі балуандар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына бірден үш бірдей алтын медаль түсті.

Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим күресінің шеберлері сынға түсті. 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ролан Ким Азия чемпионы атанды.

Қазақстандық жас балуан жартылай финалда Өзбекстан өкілінен басым түссе, алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде үндістандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Нәтижесінде Ролан Ким Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Сондай-ақ 52 келіге дейінгі салмақта Қанатбай Даниал ел қоржынына екінші алтын жүлдені сыйлады.

Финалда ол жапониялық қарсыласынан 9:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, Қанатбай Даниал Қазақстан құрамасына кезекті алтын медальді әперіп, ел мерейін үстем етті.

Бұдан өзге 85 келіде Ералы Мұратов та Азия чемпионы атағына қол жеткізді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан