3 күн бұрын
Қазақстан Азия чемпионатында 20 медаль жеңіп алды
Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен U-15 және U-20 жас санатындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жарыс күндерін 20 медальмен қорытындылады.
U-15 санатында қазақстандық балуандар 4 алтын, 5 күміс және 11 қола жүлдеге қол жеткізді.
Еркін күрестен Мирас Әбдікәрім (41 келіге дейін) Азия чемпионы атанса, Бектөре Заманбек, Әмір Серік, Наиль Зейналов және Ерсұлтан Сүлеймен күміс жүлдегер болды. Қола медальдарды Дамир Салават, Мәдияр Әбдікәрімов, Бибарыс Түзелбаев және Зелимхан Цицкиев жеңіп алды.
Грек-рим күресінен Роллан Ким, Даниал Қанатбай және Ералы Мұратов құрлық чемпионы атанды. Айтуған Осман күміс медаль еншілесе, Берекет Исмағұлов, Райымбек Жақсылық, Нұралы Амангелді және Руслан Бәкір қола жүлдеге ие болды.
Қыздар күресінде Раян Жамсапқызы, Жамиля Мехдиева және Эльнара Керімова қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 5 шілдеге дейін жалғасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан