Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Қазақстан балуандары Испаниядағы Гран-приде 24 медаль жеңіп алды

Қазақстан балуандары Испаниядағы Гран-приде 24 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Испанияның Мадрид қаласында өткен күрестен халықаралық Гран-при турнирінде сәтті өнер көрсетіп, жалпы 24 медаль жеңіп алды.

Еркін күресте Қазақстан қоржынына үш алтын, төрт күміс және төрт қола медаль түсті.

Алтын жүлдені Дәулет Әмірханов (57 келіге дейін), Нұрлыбек Базарбаев (61 келіге дейін) және Жанқожа Әбілтаев (70 келіге дейін) жеңіп алды.

Күміс жүлдеге Ерасыл Мұхтарұлы (57 келіге дейін), Мұхамед Балғабай (61 келіге дейін), Ақбар Құрбанов (65 келіге дейін) және Шерхан Әбіл (70 келіге дейін) ие болды.

Қола медальді Жанболат Қабиден (70 келіге дейін), Талап Жолдасов (70 келіге дейін), Арсен Қабден (74 келіге дейін) және Наурыз Ахмедханов (86 келіге дейін) еншіледі.

Грек-рим күресінде қазақстандық спортшылар екі алтын, бес күміс және алты қола жүлде жеңіп алды.

Алтын медальді Едіге Төлеутаев (55 келіге дейін) пен Ілияс Дауытов (63 келіге дейін) иеленді.

Күміс жүлдегерлер қатарында Айбат Рахим, Жанболат Сапарбек, Досжан Өтепқалиев, Дінмұхамед Омаров және Әлмір Төлебаев бар.

Ал қола жүлдені Омар Ахон, Шыңғыс Қайрат, Николай Хапко, Расул Жүніс, Санжар Сабитов және Аянбек Ибраев жеңіп алды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан