2 күн бұрын
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандар анықталды
Қазақстанның күрес түрлерінен ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Әзербайжанның Баку қаласында өтетін U-17 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.
Еркін күрестен ел намысын Арын Жанат (45 кг), Бақдәулет Ағабек (48 кг), Сабыржан Рахатов (51 кг), Темірлан Мұрат (55 кг), Мардан Орынбасар (60 кг), Замир Данияр (65 кг), Әділет Рысбай (71 кг), Әділбек Ерболатов (80 кг), Нұрислам Айтуған (92 кг) және Сағындық Темірғали (110 кг) қорғайды.
Грек-рим күресінен Нұрислам Пахитжан (45 кг), Әли Алмас (48 кг), Қуанышбек Жанажол (51 кг), Дияр Аманәлі (55 кг), Нұралы Асқар (60 кг), Мирас Махамбет (65 кг), Әлинұр Төлеуғали (71 кг), Әлихан Күшев (80 кг), Әли Бекенғазы (92 кг) және Арыстан Темірғали (110 кг) сынға түседі.
Әйелдер күресінде Қазақстан атынан Айару Ілияс (40 кг), Динара Дайырбекова (43 кг), Інжу Баққожа (46 кг), Аянат Мейінбай (49 кг), Арайлым Көпжасар (53 кг), Арина Қуанышова (57 кг), Аружан Бақытнұр (61 кг), Айша Әбдімәлік (65 кг), Хадиша Флюк (69 кг) және Бағжан Құрманбай (73 кг) өнер көрсетеді.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 27 шілде мен 2 тамыз аралығында Баку қаласында өтеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан