2 сағат бұрын
Балуан Асыл Айтақын Мажарстанда топ жарды
Қазақстан құрамасы 15–19 шілде аралығында Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан рейтингтік күрес турнирінде медаль қоржынына тағы екі жүлде қосты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыс күнінің басты кейіпкері Асыл Айтақын болды. Қазақстандық еркін күрес шебері 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Финалға дейінгі жолда Айтақын Әзербайжан өкілі Нұраддин Новрузовты 9:0 есебімен, ал Үндістан балуаны Дипакты 2:1 есебімен сенімді түрде жеңді.
Алтын жүлде үшін өткен шешуші белдесуде қазақстандық балуан түркиялық Толга Өзбектен басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.
Осы салмақ дәрежесінде Қазақстанға тағы бір жүлдені Әділет Әлмұхамедов сыйлады. Қола медаль үшін өткен белдесуде ол Грузия өкілі Георгий Гониашвилиді 6:5 есебімен жеңді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов