16.07.2026
Еркін күрестен Қазақстан құрамасы алты медаль еншіледі
Мажарстанның Будапешт қаласында өтіп жатқан күрестен рейтингтік турнирдің алғашқы жарыс күнінде Қазақстанның еркін күрес құрамасы алты жүлдеге қол жеткізді.
61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Асыл Айтақын финалда түркиялық Толга Өзбекті жеңіп, алтын медаль иеленді. Осы салмақта сынға түскен Әділет Алмұхамедов қола жүлдегер атанды.
74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов финалда қытайлық Фэн Луға есе жіберіп, күміс медаль жеңіп алды.
Ал Нұрданат Айтанов, Мейрамбек Қартбай (57 келіге дейін) және Начын Куулар (65 келіге дейін) турнирдің қола жүлдесін еншіледі.
16 шілдеде Қазақстан құрамасының балуандары 79, 92, 97 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде жүлделерді сарапқа салады. Сонымен қатар әйелдер күресінің өкілдері де бозкілемге шығады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан