Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

16.07.2026

Балуан Едіге Қасымбек Венгриядағы рейтингтік турнирдің финалына шықты

Балуан Едіге Қасымбек Венгриядағы рейтингтік турнирдің финалына шықты

Қазақстандық еркін күрес шебері Едіге Қасымбек Будапештте өтіп жатқан рейтингтік турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz

125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан жарысты Румыния өкілі Омар Ихаб Саремге қарсы белдесуден бастады. Қасымбек қарсыласын 6:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Ширек финалда 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионы Шамиль Шариповпен кездесті. Тартысты өткен белдесуде Едіге 4:3 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Қасымбек Қытай өкілі Бухээрдуннан басым түсіп, шешуші белдесуге шықты.

Финалда Едіге Қасымбектің қарсыласы Польша балуаны Камиль Томаш Косьчолек болады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан