Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

17.07.2026

Қазақстандық балуан Будапештте алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуан Будапештте алтын медаль жеңіп алды

Венгрияның Будапешт қаласында өткен еркін күрестен рейтингтік турнирде қазақстандық Едіге Қасымбек алтын медаль жеңіп алды.

125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан финалда польшалық Камиль Томаш Косьчолекті жеңіп, жарыстың чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирді жеті медальмен аяқтады. Бұған дейін Асыл Айтақын (61 кг) алтын жүлде жеңіп алса, Нұрқожа Қайпанов (74 кг) күміс медаль еншіледі. Ал Әділет Алмұхамедов (61 кг), Нұрданат Айтанов, Мейрамбек Қартбай (57 кг) және Начын Куулар (65 кг) қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, Будапештте әйелдер арасындағы жарыс та басталды. Алғашқы жарыс күнінде Зейнеп Баянова (50 кг) Қазақстан қоржынына қола медаль салды.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан