Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

6 күн бұрын

Венгриядағы турнирде Дінмұхаммед Қошқар грек-рим күресінен қола алды

Венгриядағы турнирде Дінмұхаммед Қошқар грек-рим күресінен қола алды

Фото: Қазақстан ҰОК

Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық "классик" Дінмұхаммед Қошқар 67 келіге дейінгі салмақта ұлттық құрама қоржынына қола медальді салды. Жерлесіміз шешуші белдесуде Славик Галстянды (Армения) жеңді.

Ал Алтын Шағаева 59 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде норвегиялық Отелия Хёйеге жол берді.

Сондай-ақ 62 келіге дейінгі салмақта Ирина Кузнецова қола жүлде үшін өткен айқаста үндістандық Савитадан жеңілді.

Айта кетейік, бүгін, 18 шілдеде әйелдер күресінің қалған салмақ дәрежелерінде жүлделер сарапқа салынса, грек-рим күресінен 72 келіге дейін, 87 келіге дейінгі салмақта балуандар бозкілемге шығады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан